Спорт

Боулинг және бильярд сүйер қауымға сыйлық

 

Бүгін № 1-ші боулинг орталығында ерекше кеш. Адамдар ойын залына кіріп, қолдарына шар алмас бұрын жарты жыл көлемінде жинаған лотерея билеттерін мына лототронға салып жатыр. Бүгін залға негізінен ойын-сауық кешенінің тұрақты клиенттері жиналған. Алмат Шакенов боулингке әр жексенбі сайын келеді. Ол ұтыста жұлдызының жанатынына сенімді.

 

Алмат Шәкенов, «Ыстық жаз-2013» акциясына қатысушы:

– Бүгін ТВ ұтып алсам деген ниетім бар.

 

Көптен күткен ойын да басталды. Сөйтіп, лототрон шыр айналып, сыйлықтардың иелерін анықтауға кірісіп кетті. Әрбір 5-6 адам жеңуі тиіс дейді орталықтың басшылығы.

 

Ботагөз Жүнісова, «№1 Боулинг-Орталығы» ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

– “Ыстық жаз-2013” акциясына 68 сыйлық қойылды.

 

Бас жүлде кез-келген азаматқа бұйыруы мүмкін. Бұл жерде тек өз бағына ғана сенуге болады. «Ыстық жаз-2013» акциясына қатысуға кейбір өңір тұрғыны барлық отбасы мүшелерін алып келген. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ тілі кафедрасының доценті Ғазиза Қожағұлова да ойын-сауық кешеніне жиі келіп тұрады. Жексенбіде шар домалатып, көңіл көтеру денсаулыққа да пайдалы дейді. Ол-бас жүлде ІPad- тан үмітті.

Солтүстікқазақстандықтар мамыр мен қазан айларында боулинг, бильярд және мейрамхана, барда қажетті сомаға тапсырыс беріп, лотерея билеттеріне ие болған болатын. Міне осы билеттерін бүгін ұтысқа салды. Сөйтіп, ең алдымен орталыққа келіп, боулинг және бильярдты бір сағат тегін ойнау үшін флаерлер ұтысқа түсті. Ондай мүмкіндікке ие болғандар құр қол қайтпайтындарына риза.

Содан кейін, 3,5,7 пайызға жеңілдік беретін дисконт карталары, ақшалай сертификаттар ойнатылды. Олар да өз иелерін тапты.

Соңында ұтысқа түскен құнды телевизор, телефондар, дивиди-плеер, сандық фоторамкалардың иелері анықталды. Ал, басты жүлдеге – IPad тігілді. Ол  Елена Ивановаға бұйырды. Жалпы, ұтыста 400 лотереялық билет ойнатылды. Ал, қатысушылар саны 200. Мұндай деңгейдегі ұтыс ойындары мұнда осымен 4 жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Келесі жылы боулинг орталығының құрылғанына 15 жыл толады. Ұйымдастырушылар сол кезде тұрақты клинеттеріне бұдан да көп, сан түрлі сый дайындаймыз деп отыр.

 

Бану Ахметова