Қоғам

Солтүстікқазақстандық қариялар Астанаға саяхат жасап қайтты

 

 

Жүздері бал-бұл жанған қариялар Астана-Петропавл бағытындағы поездан түсіп жатыр. Елордаға саяхат жасап келген аға буын өкілдері бірден бас шаһардан алған әсерімен бөлісті. Сәркет Дүйсенбеков мал шаруашылығы саласында 33 жыл еңбек етіпті. Жасы 80-ге таяп қалған қария қоғамдық шаралардан тыс қалмайды. Енді міне көгілдір экраннан көріп жүрген бас қаламен жүздесу мүмкіндігінің туғанына қуанышты.

Жамбыл ауданынан Астана қаласына саяхат жасауға 20 зейнеткер аттаныпты. Олар Елорданың көрікті жерлерін тегін тамашалап, қарттар күніне орай ұйымдастырылған саяхаттан ерекше әсер алыпты.

Барлығы Жамбыл ауданына қарасты 16 ауылдық округта 3675 ардагер тұрады. Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында олардың барлығына тиісті қолдау көрсетіледі.

 

Бану Ахметова