Қоғам

Қаржы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

 

Ардагерлердің еңбектері қашан да қадірлі, оларға қамқорлық танытып, әлеуметтік жағдайын жақсарту еліміздің басты міндеті.

Қаржы саласының дамуына үлес қосқан жандарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйақы табысталды. Солардың бірі Роза Асқарқызы, ол – қаржы мекемесінің кадр бөлімінің басшысы қызметінде еңбек етті. Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көруде.

 

Роза Чуланова:

-Көңіл бөліп жатқандарыңызға көптен-көп рахмет. Өңірдің көркейіп дамуы үшін көптеген шаралар жасалуда, сондай-ақ қарт адамдарға арналған айлықта – бірқатар игі шарлар қолға алынуда, рахмет сіздерге!

 

Бүгінгі таңда өңірде 90 мыңнан аса зейнеткер бар. Оларға күнделікті қамқорлық, қолдау көрсету – біздің ортақ парызымыз дейді мерекені ұйымдастырушылар. Шара қаржы саласы ардагерлерінің құрметіне орай мерекелік концертпен аяқталды.

 

Материалды Қазақстан-Петропавл арнасының тілшілері әзірледі