Kurultai banner mobile

Мәдениет

Көңілді тапқырлардың республикалық фестивалі

 

 

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейді дана халқымыз. Солтүстікқазақстандық әзіл сүйер қауым үшін биыл ерекше жыл. Осымен өңір әкімі кубогіне арналған көңілділер мен тапқырлар ойындары 5- ші рет ұйымдастырылып, қалың көрерменге мерекелік шуақ шашуда. Әзілқойлардың бұл жолғы кездесуі де әр команданың өзіндік ерекшелігі мен стилін танытты.

 

Ержан Аманов, «Тереңөзек» құрамасының ойыншысы, Қызылорда облысы:

– Ертегі стиліндегі әзілдер, яғни ол қазақы ескі ертегілерді жандандыру мақсатында жасалған сценалар.Саяси әзілдерді ұсынамыз.

Әнуар Әбдірайымов, «Аграрка» құрамасының ойыншысы, Астана қаласы:

-Классикалық әзілдер және мағыналы әзілдерді шығарамыз.

 

СҚО әкімінің кубогіне арналған Республикалық КВН фестиваліне 9 құрама қатысты. Көңілді де тапқыр командалар қоғамдағы түйткілді мәселелерді қозғауға тырысып бақты.

Сайыс қортындысы бойынша 3-ші орынды «Қызылжар мектеп құрамасы» еншілесе, 2-ші тұғырдан Шу қаласынан келген «Шу- Чу» командасы көрінді. Ал бірінші орынды Қызылордадан келген «Тереңөзек құрамасы» жеңіп алды. Бас жүлде семейліктердің қанжығасына байланды.

 

Айбек Жалелов, «Рахмет» құрамасының капитаны, Семей:

– Ойын сәтті өтті. Жалпы дайындық жақсы болды. Әрине мықты құрамалар келетінін біліп қатты қобалжыдық. Дегенмен кубок бізде.

 

2 сағатқа созылған ойын халық көңілінен шықты. Әсіресе өзге аймақтардан келген командалардың әзілдері жастарға ерекше әсер қалдырыпты.

 

– Семейден келген құрама ұнады. Әзілдерді де жақсы болды.

– «Шу- чу» командасы, тереңөзектіктер көңілімнен шықты.

– Барлық командалар жақсы ойнады. Бөліп жарып- айта алмаймын. Барлығы ұнады.

 

Мағжан Ахмадина