Құқық қорғау органдары

Ауылдас жігітті өлтірген үш полицейдің ісі сотта қаралып жатыр

 

Еске салайық, ауылдық жігіт Евгений Копа сәуірдің 28-нде жоғалған болатын. Оның үйге келмегені туралы ішкі істер органдарына жігіттің әжесі мен жолдастары айтып келеді. Сезіктілер ұсталғаннан кейін, 2 полицей жапа шегуші мен құқық қорғау органы қызметкері арасындағы жанжалға куә болғандарын баяндаған. Олардың екеуі де мас күйде болыпты. Ақырында, полицейлер жігітті көліктің жүк салатын бөлігіне тығып, суға апарып тастайды. Сонда ауылдастарына бірнеше рет соққы жасаған. Тек 3 апта өткенде ғана жәбірленушінің өлі денесі Есіл өзенінен табылады. Сезіктілердің үстінен ҚР ҚК екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Адам ұрлау және адам өлтіру фактілері. Күдіктілер сот отырысында тағылған айыппен келіспей отыр. Бірақ, прокурорлар айыптылар қолымен жасағандарын мойнымен көтеру керек дейді.

 

Еркін Тоқсанов,облыстық прокуратураның прокуроры:

-Мас күйде болған Үмбетов, Серікбай және Алдамасов деген азаматтар бірлесіп іске асырған қылмыстық ойды аяғына дейін жеткізу үшін Копаны тепкілеп, осылай оның көпірге шығуына кедергі келтірген. Бұдан әбден әлсіреген жігіт қарсылық көрсете алмай, судан тұншығып қаза табады.

 

Данаш Хамзина