Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары 9 жасар баланы соғып кеткен көлік жүргізушісін құрықтады

 

Шымкент қаласының тұрғыны мектеп оқушысын Жұмысшы кентінде Караван және Украин көшелерінің қиылысында қағып кеткен. Алайда, жаяу жүргіншіге көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен. 9 жасар баланың ата-анасы бірден дәрігерлердің көмегіне жүгініп, кейін оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлайды. Шетелдік көлік жүргізушісі куәгерлер берген сипаттамаға сәйкес көп ұзамай анықталды. 19 жасар сезікті Петропавлдағы ағасының үйінде тұрып келген.

Мектептен келе жатқан оқушы жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Алайда, бұндай әрекет көлік роліндегі тұлғаны жауапкершіліктен босатпайды дейді жол сақшылары. Сезікті көлігін тоқтатып, жапа шегушіге көмек көрсетіп, жол полициясына хабарласуға міндетті.

Ендігі жол полицейлері істі сотқа жолдайды.

 

Гүлмира Шоқтыбаева