Қоғам

Солтүстікқазақстандық белсенділер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы ұсыныстар әзірледі

 

 

Қоғамдық мониторингты дамыту жөніндегі пікірталас алаңына үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері жиналып отыр. Жиынға қатысушылардың көздегені – мемлекеттік қызметтердің талаптарға сәйкес сапалы көрсетілуіне қол жеткізу. Бүгінде облыста бұл бағыттағы шаралардың бастамасы бар.

 

Елена Виссарова, “Атамекен” Одағы” Ұлттық экономикалық палатасы” ЗТБ СҚО филиалының директоры:

«Атамекен» өз тарапынан бизнес өкілдеріне жәрдемін көрсетеді, кеңестер береді. Бұдан өзге, мемлекеттік органдармен, “Даму” қорымен, банктермен етене жұмыс істейді. Сондай-ақ, “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы бойынша үйлестіру кеңесіне мүшелік етіп, несие беру мәселелерін шешуге атсалысамыз.

 

Жиында қоғамдық қадағалау жүйесін жетілдіру бағытындағы бірқатар ұсыныстар айтылды. Солтүстікқазақстандық “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ассоциациясы” өңірде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде мыңдаған тұтынушының мүддесі қорғалып, бірқатар түйіткілдердің түйіні тарқатылды. Сапалы қызмет көрсету үшін заңдар мен өз құқықтарыңды жақсы білу керек дейді бірлестік төрайымы Надежда Дубовая.

 

Надежда Дубовая, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ассоциациясы” ҚБ төрайымы:

-Біздің ұсыныстарымыз мынадай – агенттіктің қарамағында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылуы тиіс. Сонымен қатар, БАҚ-тармен етене жұмыс істеу керек. Әлеуметтік роликтер әзірлеп, оларды арналарда кеңінен насихаттаған жөн. Өйткені, көбінесе, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығы ақсап жатады.

 

Қоғамдық қадағалау шараларының іске асуына алдымен жерлестеріміздің өздері ниет танытып, атсалысулары қажет дейді дөңгелек үстелге қатысушылар.

 

Сергей Худяков, “СҚО азаматтық альянсы” ЗТБ төрағасы:

Халықтың тілкелей араласуынсыз мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары да әлеуметтік бағдарламаларға мониторинг жүргізуге өз үлестерін қосқандары абзал. Бұл мәселені де азаматтық форумда көтеруді жоспарлап қойдық.

 

Мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты ұсыныстарын жерлестеріміз Астана қаласында өтетін  6-шы Азамататтық форумда  білдіре алады.

 

Гүлмира Шоқтыбаева