ТЖ

Шекаралық ынтымақтастықты дамыту

 

Өңірге алғаш рет ат басын бұрған мейманға өрт сөндірушілердің техникалық мүмкіндіктері мен құрал-жабдықтары көрсетілді. Қазіргі күні солтүстікқазақстандық өрт сөндірушілердің 127 техникасы бар, оның 13-і арнайы құтқару жұмыстарына арналған. Владислав Колодинский өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Ал БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте Қазақстан және Ресей құтқарушыларының әріптестігін дамыту мүмкіндіктері туралы әңгіме өрбіді. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – трансшекаралық табиғи апаттар жағдайындағы бірлескен іс-қимылдар.