Без категории

“Алаш” партиясына арналған көрме

 

Көрмеге «Алаш» партиясы мүшелерінің көптеген фотосуреттері, құжатттары мен ғылыми жұмыстары қойылған. Алайда мұражай қызметкерлерінің айтуларынша, партия қызметінің барлық кезеңдерін көрсету үшін бұл материалдар жеткіліксіз.

 

Ирина Горбацевич, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы:

– Өйткені  көптеген құжаттар, фотосуреттер кезінде жойылып кеткен. Фотосуреттердің бірқатары жеке мұрағаттардан алынды. Саяси қуғын-сүргінге қатысты құжаттардың көбі әлі күнге құпия сақталуда.

 

Қазіргі күні “Алаш” партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатовтың қызметтері барынша көрсетілуде. Ал солтүстікқазақстандық алашордалықтар  туралы облыс тұрғындары өте аз біледі. Сондықтан  осындай көрме ұйымдастырылып отыр.

Ирина Горбацевич, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы:

– Бұл Аймауытов, Садуақасов, Жұмабаев сияқты белгілі адамдар. Біз осындай жерлестеріміздің фотоларын, басқа да материалдарды көрсеткіміз келді.

Көрме негізінен мектеп оқушылары мен студенттерге арналған. Алғашқы күн оны №1 мектеп-интернат оқушылары тамашалады.

-Мен бүгін Қазақстанның тәуелсіздігін жақындатқан адамдар туралы білдім.

– Біз биыл мектеп бітіреміз, ҰБТ тапсырамыз. Бүгін естігендеріміздің көбі тест тапсырмаларында болады. Мен бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын.

Көрме желтоқсан айына дейін жалғасады.