Спорт

«Ұстаз-2013» спартакиадасы

 

 

Қалам, журнал, дәптерлерін доп, шахмат, құмалаққа алмастырған солтүстікқазақстандық ұстаздар спорттық сайыстардан араларындағы мықтыны анықтады. Бірнеше күн бойы білім саласының қызметкерлері жылдамдық, ойлау қабілетінің ұшқырлығы мен командалық ұйымшылдықты көресететін додаларда бақтарын сынауда. Аудан намысын қорғауға мықты деген құрамалар жиылыпты. Барлығы жеңістен дәмелі.

 

Ксения Шовдина, Тимирязев ауданы:

– Көңіл-күйіміз көтеріңкі, ал өзіміз шымыр әрі белсенді болу үшін спорттың алар орны ерекше. Ұстаздар арасында осындай жарыстардың ұйымдастырылғаны құба-құп. Қарсыластарымызға сәттілік тілеймін. Өңіраралық жарыста біз бірінші орынды иелендік. Бүгін де жақсы ойын өрнегін көрсетеміз деген ойдамын.

 

Мұғалімдердің бір тобы ұжымдық жарыстарда бәсеке көрігін қызықтырып жатқанда, екіншілері тоғыз құмалақ ойынынан бақтарын сынады. Қазақтың ұлттық ойынын Айнұр Омарова жақсы меңгерген. Ол талай рет осындай жарыстарда жүлдегер атанып жүр.

 

Айнұр Омарова, Петропавл қаласындағы СҚУ колледжінің ұстазы:

Тоғызқұмалақ бұл ұлттық ойын. Ойлау қабілетін дамытып, математикаға жақсы болуға баулиды. Шапшаң есептеуге септеседі.

 

Мектеп мұғалімдері арасындағы спартакиада биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оқытушылар қауымы 5 спорт түрінен, атап айтқанда жеңіл атлетика, теннис, волейбол, шахмат және тоғызқұмалақтан сайысуда.

 

Данияр Шакенов, СҚО әкімдігінің дене шынықтыру, спорт және БӘД өңірлік оқуәдістемелік орталығының директоры:

 

Сайысқа барлық аудандар мен Петропавлдан екі құрама қатысуда. Ұстаздар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдатырылып отырған спартакиаданың мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің спорттық белсенділігін арттыру, бұқаралақ спортты дамыту.

 

Спартакиаданың қортындысы бойынша 1-ші орынды қала колледждерінің оқытушыларынан құралған құрама жеңіп алса, 2-ші тұғырдан тайыншалық ұстаздар қауымы көрінді. Ал қола жүлдені петропавлдық мұғалімдер місе тұтті. Барлық командалар кубок, грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Мағжан Ахмадина