Мәдениет

Түркі мәдениетінің фестивалі

 

Бұл “Бақсы” күйі. Шығарма авторы атақты қобызшы Тілеп Аспантайұлы. Қазақ сахарасына жақсы таныс күйді ерлі-зайыпты Айдос пен Жәмила Ақылбековтар орындады. Өнерлі жұп қалалық мәдениет басқармасы ұжымының атынан шықты. Олар шаңқобыз, нарқобыз, сазсырнай және даңғарамен құлақтың құрышын қандыра ойнап, көрерменнің жүрегіне жол салды.

Сахнада қазақ ұлтынан өзге, әзербайжан, өзбек және татар, ұйғырлар да өнер көрсетті.

Фестивальге Ақжар ауданынан келген “Ақ босаға” вокалдық әжейлер тобы да қатысты. Олар бүгінгі шараға халық әнін дайындап әкеліпті.

Фестивальде қазақ-түрік лицейінің оқушылары да өнер көрсетті.

 

Ғазиза Балғабаева, фестивальге қатысушы:

– Бүгінгі фестивальге қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Бүгін біз түркі мәдениетінің бірін көрсетеміз. Мұндай фестиваль жыл сайын ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын. Осылайша біз түркі тілдес халықтардың мәдениетімен етене танысамыз.

 

“Біздің күшіміз бірлігімізде” атты облыстық түркі мәдениетінің фестивалі өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты түркі тектес халықтардың басын біріктіріп, жиналған жұртқа олардың мәдениетін кеңінен насихаттау.

Фестивальге қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бану Ахметова