Қоғам

Қазанның 1-де қарттарды қолдау айлығы басталады

 

 

Қала бойынша әлеуметтік қызметкерлердің күтіміне мұқтаж 464 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедек бар. Олардың барлығына қарттар айлығы аясында материалдық көмек көрсетілетін болады. Қаржы қыркүйектің 21-де өткен сенбілік аясында жиналған.

 

Мереке Мұхамедьяров, Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Мүмкіндігі шектеулі 90 бала сыйлықтар алады. Смирнов интернатында тұратын 120 қарияға да көмек көрсетіледі. Қаламыздың 100 жасқа келген 12 тұрғыны да елеусіз қалмайды.

 

Жалпы қала бойынша 38 мыңға жуық зейнет жасындағы адам бар. Айлық аясында мүгедек жандарға да қолдау көрсетілмек. Олардың барлығы қазанның 1-і мен 13-інде қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болады. Мұндай игі бастаманы облыс орталығында қоғамдық тасымалмен айналысатын барлық кәсіпорындар қолдап отыр.

 

Галина Семенова, “СҚО автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Біз мұндай қолдауды жыл сайын көрсетіп тұрамыз. Қарттарды қолдап, көмектесу әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан аға буын өкілдері жыл сайын тегін жол жүру мүмкіндігіне ие болады.

 

Бір ай бойы қаламызда аға буын өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі мерекелік іс шаралар ұйымдастырылады.

 

Мағжан Ахмадина