ТЖ

Копайдағы өрт

 

 

Төтенше жағдайдың орын алғанын бірінші болып үй иесінің қызы байқап қалған. Бөлмелердің біріне кірген қыз төбеге қарай көтерілген жалынды көреді. Баспанадағы жарық та сөніп қалады. Сөйтіп, бірден болған оқиға жайында телефонмен әке-шешесіне хабарлайды. Ал олар құтқарушыларды шақырған.

Болған оқиға жайындағы хабар құтқару қызметіне сағат таңғы 9-да түседі. Сөйтіп, төтенше жағдай орын алған жерге Петропавлдағы №1 және №2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аттанады. Өртті ауыздықтаушылар ғимараттан екі газ баллонын алып шықты. Әйтеуір төтенше жағдайдан жапа шеккендер жоқ.

 

Данияр Рамазан, Петропавл қалалық №1  өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы:

– Оқиға орнына жеткен кезде үй жалындап, ашық жанып жатты. Сондықтан көмекке екінші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де келді. Өрт үйдің еіден бір бөлігін шарпыған.

 

Төтенше жағдайға себеп сымдардың қысқа тұйықталуы болып отыр.

Айта кететін жайт таяуда ғана өрт сөндірушілер Қапай шағын ауданының тұрғындарымен алдын алу шараларын өткізіп, парақшалар таратқан болатын.

Жалпы жыл басынан облыста 480 өрт оқиғасы тіркелді. Жалын 257 млн теңгенің шығынын әкелген. Және өрт 35 адамның жанын алып кетті. Тағы 33 солтүстікқазақстандық әр түрлі дәрежедегі күйек алған.

 

Бану Ахметова