Мәдениет

Киев опереттасы – Петропавлда

 

Шығармашылық кеш өнерсүйер қауымды өзінің әр алуандылығымен таң қалдырды. Классикалық музыканың қаймағы таңдап алынған бағдарлама 16 нөмірден тұрады. Мұнда әлемге әйгілі композиторлар Джузеппе Верди, Иоган Штраус, Николай Римский-Корсаковтың туындалары жиі кездеседі.

 

Дмитрий Морозов, Украина ұлттық опереттасының бас дирижері:

-Біз биылғы бағдарламаны былтырғыдай әр түрлі қылуға тырыстық. Оған опера, оперетта, мюзикл және саундрек қостық.

 

Елена Ширяева өнерге өмірінің 25 жылын арнаған. Опереттаны көңілділігі үшін құлай сүйген ол драмалық туындылар тартымдырақ екенін де жасырған жоқ. Елена Ширяева Петропавл сахнасында 2-ші мәрте ән салып тұр. Амандық болса, әлі тағы келемін деді.

 

Елена Ширяева, Украинаның еңбегі сіңірген әртісі:

-Мен солтүстікқазақстандық көрермен қауымға өте ризамын. Олардың әнді бар ынта-ықыласпен тыңдап отырғанын жақсы сеземін, әртістің өнерін бағалай біледі. Жергілікті музыканттар да көңілімнен шықты. Мен бұл жолы хор ұжымымен таныстым. Өте дарынды азаматтар. Осыдан Петропавл қаласының мәдениеті жоғары деңгейде деп айтар едім.

 

Біздің музыканттар өткен жолы, тіпті, 5 рет дайындық өткізсе, осы жолы 1-ақ рет кездескен. Десе де, украиндықтармен үндесе ойнап, музыка тілін бірден түсіністі.

 

Нұрлан Двесов, облыстық филармония директорының орынбасары:

-Дмитрий Морозов пен Елена Ширяевамен осымен 2-ші рет кездесіп отырмыз. Бұл біздің музыканттар үшін өте маңызды. Өйткені, тәжірибе алмасады. Мұндай әртістер облысқа жиі-жиі келіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Әлі де атақты басқа әртістеді шақыра бермекпіз.

 

Маусым айында Киев қаласында өткен “Офест” опереттасының фестиваліне жерлесіміз Сергей Имашбаев барып келген екен. Өзінің өнерімен украиндық көрерменді бірден баурап алыпты. Мұндай мәдени байланыс екі елдің арасындағы достықты нығайта түсетіні сөзсіз.

Бұл концерт те теріскей тұрғындарының көңілінен шықты.

 

Данаш  Хамзина