Бизнес және экономика

Ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу

 

Ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайту қажет. Екі жақты әріптестіктің арқасында өнеркәсіп те дами түспек. Мәселен, шетелде ғалымдар ашқан жаңалықты бірден қолға алу жақсы жолға қойылған. Біз де бұдан кенде емеспіз. Тың технологиялар ауыл шаруашылығы саласында сәтті қолданылып жатыр деп айтуға толық негіз бар. Ақсап тұрғаны – жолдарға төселетін беткі қабаттың сапасы. Жыл сайын жолдарды жөндеуге қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ, сол асфальттың сапасы қандай?

 

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары:

-Мысалы, біз кеше жол саласын сараладық. Белгілі бір ғалымның көптеген жылдар бойы зерттеп, ақыры тапқан қоспасын тексертіп, оны іске асырып көрген кезде көрші мемлекетте бұдан да сапасы жоғары өнімді қолданады екен. Сондықтан да, біз бүгінгі таңда осы жағдайды ескере отырып, жаңалық ұсынуымз қажет. Ол – инновация.

 

Егер инновация болса, ол комиссия отырысында қаралып, құпталса мемлекеттен грант бөлінеді. Кейін оны бизнеске енгізу барысында бизнес-жоспар әзірлеуде де көмек көретіледі деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов. Бұл орайда, “Экоплюс” серіктестігінің де ұсынысы бар екен, бірақ сұраныс аз.

Наталья Белецкая, “Экоплюс” ЖШС директоры:

-Біз орталық жылыту жүйесінде жылуды 50 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін техникалық құрылғы ойлап таптық. Ол шетелдік аналогтарына қарағанда мықты әрі арзан. Нәтижесі де көңілден шықты. Алайда, өндіріске енгізейік десек, тапсырыс берушілердің қаражаты жоқ.

 

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Күлбарам Баязитова да әріптестерімен бірлесіп бірнеше жоба әзірлеп жатыр. Олардың агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосары мол.

 

Күлбарам Баязитова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі:

-Қой шаруашылығы бағытында жұмыс істедік. Малды жаңа биологиялық қоспалармен азықтандырып көрдік, нәтижесі ойдағыдай. Ол өнімділікті арттырады.

 

Жиын барысында инновацияны қолға алу бойынша екі жақ өз ойларын ортаға салды.

 

Данаш Хамзина