Білім

“Тілдарын -2013” байқауының өңірлік жеңімпазы анықталды

 

Бұл мектептің ұстаздары “Тілдарын” байқауына жыл сайын қатысып отырады екен. Тек биыл ғана нәтиже бар. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ беретін жас мұғалім Нұргүл Қазиева “Тілдарын-2013” байқауының қалалық және облыстық кезеңдерінде бас жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, республикаға жолдаманы иемденді. Енді жас ұстаз байқаудың соңғы кезеңіне дайындалуда. Нұргүл үш тілді меңгеру заман талабы. Ал мұндай сайыстар тәжірибеміздің шыңдалуына септеседі дейді.

“Тілдарын” байқауына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастар қатысқан. Нұргүлді сайысқа аталған білім ошағының ағылшын тілінің білікті мұғалімі Бейнегүл Мағауова дайындапты.

Қазақстан халқы тілдерінің 15-ші  фестивалі аясындағы “Тілдарын-2013” байқауының республикалық кезеңі 31 қазанда Бурабайда өтеді.

 

Бану Ахметова