Құқық қорғау органдары

Прокурорлар кәсіпкерлер құқын қорғауда

 

 

Өңір кәсіпкерлерін қорғау прокурорлар жұмысының басты бағыттарының бірі. Сондықтан өңір прокурорлары бизнес ассоциация өкілдерінің өтініші бойынша биылғы жылы экология департаментіне тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталған. Қадағалаушы орган өкілдері экология департаменті қызметкерлерінің кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы бірқатар шешімдерін теріс деп тауыпты.

 

Айдос Кеңбеилов, СҚО прокуратурасының аға прокуроры:

– Аталған іске қатысты шара қолданылды. Және кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа тарту бойынша бірнеше қаулы алынып тасталды. Және айта кету керек кәсіпкерлерді қорғауда бізде арнайы мобильдік топ та жұмыс істейді. Оның көмегіне жүгінген кәсіпкерлердің 19 хаты қаралды. Және оның 18-інде экологтар тарапынан заңбұзушылықтың кеткені расталды.

 

Бизнесмендерден түскен арыздар негізінде тексеру шараларын жүргізген прокурорлар 13 мемлекеттік қызметкерді жауапқа тартты, осылайша 28 кәсіпкердің құқығының бұзылуына жол бермеді.

Жиынға өңірдегі екінші деңгейлі банк филиалдарының өкілдері де қатысты. Құқық қорғау органдары екінші деңгейлі банктерден қылмыстық істі жүргізу барысында тұлғаның ақша аударымдары және шоттары туралы ақпаратты талап етеді. Банк ұяшықтарындағы заттарды сұратады екен. Бірақ  заң бойынша олар сұранысты қанағаттандыра алмаймыз дейді.

 

Светлана Семенова, “Қазақстанның Халық банкі” АҚ СҚФ қызметкері:

– Біздің тәжірибиемізде сұраныс рәсімделгенде прокуратура рұқсатымен келеді. Қылмыстық істі жүргізгенде біздегі ақпараттың қажет болатынын білеміз. Бірақ заң жүзінде банктың құпиясын аша алмаймыз. Сондықтан құқыққорғау органдарының сұраныстары қанағатсыз қалуда. Тек шоттың барысы жайындағы мәліметті ғана бере аламыз.

 

Жиынға қатысушылар бұл мәселені шешу үшін қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет дейді. Ол уақыттың еншісінде.

 

Бану Ахметова