Құқық қорғау органдары

Полицияның түнгі рейді

 

 

Өңір полицейлері кезекті алдын алу шарасын ұйымдастырды. Бұл жолғы рейдке қаланың 30-ға тарта түнгі клубтары, дәмханалар мен ойын-сауық орындары ілікті. Мақсат –  жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау.

Кешкі сағат 11-ден кейін кәмелет жасына жетпегендерге ата-анасының қарауынсыз көшеге шығуға тыйым салынған. Ортақ ереже еленбесе айыппұл салынады. Рейд барысында заңға қайшы әрекет еткен 8 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, тәртіп сақшылары мына 17 жасар баланы түн ортасында көше кезіп жүргенін көрген. Сонымен қатар қаңғыбас азамат алкагольдік ішімдік ішкен болып шықты.

Инспекторлар ащы суға тойып алған жасөспірімді үйіне жеткізді. Әкімшілік хаттама толтырылып, ата-анасымен әңгіме жүргізілді.

 

Жеңіс Ермұқанов