Ауыл шаруашылығы

Шабақтар су қоймасына жіберіліп жатыр

 

 

Балық питомнигінде өсіп-өнетін шабақтарды табиғи су қоймаларына жібермес бұрын олардың салмағы мен ұзындығы өлшенеді. Массасы 25 грамнан асатын су жәндіктері табиғи ортада аман-есен қыстап шығады дейді мамандар.

Бұл үрдістен су жәндіктері соңғы кезекте өтеді. Бұған дейін арнайы тоғандардан жеткізілген шабақтар сұрыпталады. Кейін мына бассейнге жіберіледі. Бұған 600 дана шабақ сияды. Тиісті салмақ қосқан балықтар ғана Сергеевка су қоймасына жіберіледі. Мәселен, бүгін табиғи орта 400 дана шабақпен толығады. Айта кету керек, су қоймасына түскен балықтардың тек 40 пайызы ғана тірі қалады екен.

 

Евгения Гололобова, Петропавл балық питомнигінің балық өсірушісі:

-Тоғандардан әкелінген шабақтарды сұрыптаумен айналысамыз. Бізге жеткізілгендерінің 2-3 пайызы жарамсыз болып келеді. Сұрыпталған соң арнайы бассейнге жібереміз. Бұл жерде олар су қоймасына жеткізілгенше күтіп, бапталады.

 

Ал мына сібір карптары былтыр Ресейден жеткізілген. Мұндай балықтың питомникте 500 данасы бар екен. Бұл аналық су жәндігі. Шаруашылықтағылардың мақсаты – аталған тұқымдастарды жергілікті жерде кеңінен өсіру.

Жалпы, балық питомнигі 1964 жылы құрылған. Сол уақыттан бері мұнда барлықтың бірнеше түрі өсіріліп, табиғи ортаға шығарылуда.

Жалпы, күз мезгілі басталғалы питомниктен 500 мың дана су жәндігі Сергеевка су қоймасына жіберілген. Мұз қатқанша көлдер тағы осынша шабақпен толығады.

 

Бану Ахметова