Қоғам

Сарбаздар теріс діни ағымдардан аулақ болуы керек

 

 

Соңғы кездері қоғамда қандай да бір діннің тереңіне бойламай, оның ізгілігіне, шынайылығына сеніп, жетегінде кету фактілері жиіледі. Әсіресе жастар арасында діндарлық белең алуда. Бірақ болашақта ел тізгінін ұстайтын саналы ұрпақты тәрбиелеу – бұл жалпыға ортақ міндет. Сондықтан әскери прокуратура қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті, дін қызметкерлері, оқытушылар әскери институт курсанттары үшін арнайы семинар ұйымдастырған.

 

Нұрлан Алпысов, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

– Болашақ әскери адам заң жағынан жақсы дайындалған, діни ағымдар жайлы толық ақпарат білетін, саналы азамат болуы қажет. Сондықтан әскери ортаға экстремизм мен терроризмнің енуіне тосқауыл қою және жастар арасында осы сынды теріс пиғылдардың алдын алу мақсатында осындай шара өткізіліп отыр.

 

Осындай оқыту семинарларының жастар үшін берері мол дейді тыңдаушылар.

Бүгінде санасы қатаймаған жастар әлеуметтік желілер арқылы теріс пиғылды жандардың ырығына бағынып жатады. Сондықтан осындай сайттарды анықтау жұмыстарын белсенді жүргізу керек деді кездесуге жиналғандар.

 

Мағжан Ахмадина