Құқық қорғау органдары

Облыста «Нелегал» операциясы басталды

 

Мына Өзбекстан Республикасының азаматы ел заңнамасын белінен басқан мигранттардың бірі ғана. Бұдан басқа тәртіп сақшылары “Нелегал” операциясының алғашқы күнінде 120 келімсекті әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Шара барысында ТМД елдерінің 64 азаматына Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. Бұдан өзге 3 шетелдік жуық арада ел аумағынан шығарылады. Заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған шара барысында шетелдіктердің дені вокзал, сауда базарлары мен түрлі өндірістік орындардан табылған.

Мұнымен қоса, жолаушылар көлігі өтетін пост “Рубеж” жүйесі де басты назарда. Бекеттерде шетелдіктердің құжаттары ғана емес, сонымен қатар олардың қылмыстарға қатысының бар-жоғы да тексеріледі.

 

Бауыржан Сәдуақасов, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары:

-Заңсыз келімсектерді ұстау іс-шарасына облыстық ІІД-ң барлық құрылымдары мен техникасы жұмылдырылған. Мұнымен қоса ауқымды рейд барысында біз шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқан 10 солтүстікқазақстандықты әкімшілік жауапкершіліке тарттық.

 

Рейд қорытындысы бойынша 2 қылмыскер ұсталды. Оның бірі Ресей азаматы. Сезіктіге бұған дейін Тула облысының полицейлері ұрлық үшін іздеу салып, таба алмаған. Ал, 2-ші күдікті – Қазақстан азаматы автокөлікті айдап кеткені үшін айыпталуда. Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Рейд шаралары қыркүйектің 27-іне дейін жалғасады.

 

Берік Қасен, облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді