ТЖ

«Өрт қауіпсіздігі» айлығы

 

 

Міне нақ осылай өрт сөндіру қызметкерлері жеке секторды аралап, тұрғындарға жаднама парақшаларын таратуда. Мұндай шаралар өрт қауіпсіздігі айлығы аясында апта сайын өткізіледі. Өйткені жылыту маусымы басталысымен, жер үйлерде өрт шығу қаупі жоғарылады. Көпшілік баспаналардағы пештер қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін көрінеді. Айталық мына екі қабатты үй 10 жылдан бері пеш арқылы жылытылып келеді екен. Бірқатар пәтерлердегі жылыту құралдары талаптарға сай келмейтіні анықталған.

Жаман айтпай, жақсы жоқ, қыркүйек айынан бері өрт сөндірушілер 1000-нан астам тұрғын жайды аралап, жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың амалдарын түсіндірген.

 

Айдын Ысмағұлов, Петропавл қаласы ТЖБ аға анықтаушысы:

-Жылыту маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Пештерді үнемі тазартып отыру керек.

 

«Сақтықта қорлық жоқ» дейді құтқарушылар. Алайда, тілсіз жаумен күрескерлер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қанша түсіндіргенімен, жағдай өзгерер емес.

 

Айдын Ысмағұлов, Петропавл қаласы ТЖБ аға анықтаушысы:

-Өрт шығуының басты себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау, отпен ойнау болып табылады.

 

Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде облыс орталығында 172 өрт оқиғасы тіркеліп, төтенше жағдайдан 12 млн теңгеден астам материалдық шығын келген. 6 адам қаза тапса, 13-і түрлі дәрежедегі жарақат алған.

 

Мағжан Ахмадина