ТЖ

Өрт сөндірушілер арасындағы тіл байқауы

 

 

Байқауға қатысушылар әзербайжан, поляк, украин, белорусь, неміс халықтарының ұлттық салт-дәстүрін көрсетті. Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері шараға тыңғылықты әзірленген. Түрлі ұлттардың киімдерін киіп, әр халықтың ұлттық тағамдарын да дайындапты. Алғаш болып, өз өнерін №2 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері көрсетті. Олар Әзірбайжан мемлекеті жайлы бейнеролик әзірлеп, жиналғандарға аталған ел жайынан кеңінен ақпарат берді. Бұдан басқа, өрт сөндірушілер әзербайжандардың құда түсу рәсімін де дайындаған.

 

Дастан Әбілғазин, №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі:

-Әзербайжан мемелекеті жайында, олардың ұлттық тағамдары жайында айтамыз.

 

Байқауға қаладағы 5 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Олар бірнеше кезеңдерді бағындырды.

 

Дидар Мұқанов, қалалық №1 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары:

-Мұндай шара бізде әрдайым ұйымдастырылып тұрады. Мақсаты, қалада барлығы 5 өрт сөндіру бөлімі бар. Онда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Ұлтаралық достықты нығайту.

 

“Достығымыз жарасқан елміз” байқауы Қазақстан халқы тілдерінің 15-ші фестивалі аясында ұйымдастырылды.

 

Бану Ахметова