Қоғам

“Нұр Отан” ХДП Қызылжар аудандық филиалының XXI конференциясы

 

“Нұр Отан” нұрлы болашақ жолында! Еліміздің бас саяси ұйымының жаңа доктринасы осылай аталады. Үстіміздегі айда ғана оның жобасын партияның 338 бастауыш ұйымы қарап үлгерген. Келесі кезекте доктринаның басымдықтары көшбасшы партияның Қыжылжар аудандық филиалының XXI конференциясында талқылауға шығарылды.

 

Еркебұлан Қаменов, “Нұр Отан” ХДП Қызылжар аудандық филиалының төрағасы, Қызылжар ауданының әкімі:

-Қызылжар ауданы бойынша “Нұр Отан” ХДП 5017 адам мүшелік етеді. 40 бастауыш ұйым  бар. Біздің басты мақсатымыз – әрбіріне тікелей қатысты құжаттың мазмұнын жеткізу, доктринадағы басымдықтардың жүзеге асуына сүбелі үлесімізді қосу. Ол арқылы саяси, экономикалық мәселелердің түйінін тарқату көзделген. Бұл әр қазақстандықтың әлеуетін көтерудің кепілі.

 

Құжат Елбасы, “Нұр Отан” ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген. Жаңа саяси доктринаның жобасы 3 бағыт пен 7 басымдықтан тұрады. Үшінші мыңжылдықтағы Қазақстанның тұрақты дамуының бірден-бір кепілі – қоғамда мәдени-рухани құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Құжатта бұған үлкен ден қойылған.

 

Иван Чиркалин,”Нұр Отан” ХДП саяси кеңесінің мүшесі:

-Жаңа саяси Доктрина жобасында «Нұр Отан» партиясының идеологиялық тұғырнамасы нақтыланып, партияның басты мұраттары айқындалған. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудағы партияның рөлі тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Маңызды ерекшелігі – бірлігі жарасқан отандастарымыздың бейбіт тірлігіне сызат түсірмеуді көздейді.

 

Қызылжарлықтар жаңашылдықты толықтай қолдайтындарын жеткізді. Сөз алғандардың тілі, діні, кәсібі әрқилы болғанымен, мақсаттары ортақ  – ел игілігі үшін жұмыс жасайтын құжаттың жүзеге асуына атсалысу.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы СҚОФ кезектен тыс өтетін 18-конференциясына делегаттар сайланды.

 

Жеңіс Ермұқанов