Қоғам

Студенттер сыбайдас жемқорлыққа қарсы

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде басым бағыттардың бірі болып саналады. Осы орайда, “Нұр Отан” партиясы мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерімен жиі кездесулер өткізуде. Жиынға қатысушылардың көбі “бармақ басты, көз қыстылыққа” қарсы күресте күш жұмылдыруда жастармен бірге жұмыс жасаған тиімді дейді. Осы орайда қолға алынған шаралардың бірі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өтті.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-Оның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру жайы болып отыр. Өйткені, бұл міндетті Елбасы бізге өзінің Жолдауында жүктеген болатын. Бұл бағытта Қаржы полициясы мемлекеттік органдарда, білім беру мекемелерінде бейнероликтер көрсету арқылы дәрістер оқуда.

 

Кездесуде төмен жалақы мен студенттердің оқуға деген құлықсыздығы жемқорлықты тудырады делінді. Ал, бұл білікті мамандардың азаюына әкеліп соқтырады. Онымен қалай күресу жөнінде қаржы полициясының қызметкерлері әңгімелеп берді. Белсенді жастардың бірі Динара Мақсұтованың айтуынша, өскелең ұрпақтың жемқорлыққа қарсы түсінігін қалыптастыруда мұндай дәрістердің пайдасы зор.

 

Динара Мақсұтова,”СҚО студенттерінің альянсы” ЖҚБ төрайымы:

-Елдің болашағы жастардың қолында демекші, біздің ой-санамызда белгілі бір ойлар қалыптастыру керек, Яғни, жемқорлық – ол жаман және де болашаққа ол кері әсер тигізеді. Сол себепті, осындай іс-шараларды жиі өткізу керек деп есептеймін.

 

Жиында жастар жемқорлықтың түбіне балта шабуға әркім өз үлесін қосу қажет, сонда, елдің болашағы жарқын болады деген пікірліерін білдірді. Ақпараттық кездесу қыркүйектің бірінен бастау алған “Қорықпа, қорғаныс жаныңда” атты акция аясында ұйымдастырылды.

 

Данаш Хамзина