Ауыл шаруашылығы

Облыста қысқа ағаш отын қоры жасалуда

 

Ауданы 10 мың гектардан асып жығылатын мына аумақ – Есіл ауданындағы Чириковка орман шаруашылығына тиесілі. Ондағы отынға кесілетін жерлерді орманшылар белгілейді. Атап айтсақ, ағаш даярлау ескірген немесе сусындыға айналған жерлерден жүргізіледі. Мына жер сондайлардың қатарына енгендіктен кесіліп жатыр.

Осы жылы аудан бойынша отын даярлауға белгіленген аумақ 14 мың шаршы метрді құрайды. Орманшылар бұл көлемнің аудан халқын қыс мезгілінде отынмен қамтамасыз етуге жеткілікті екенін айтады. Бір текше метріне белгіленген сома – 1070 теңге. Ол арнайы берілген рұқсат қағаздары арқылы босатылады. Ал қарттар мен мүгедектер қыстық отынды тегін алады. Олардың тізімін жергілікте әкімдік бекітеді.

 

Владимир Здоровец, Есіл аудандық мемлекеттік орман мекемесі директорының орынбасары:

-Бүгінге дейін белгіленген аумақтың 7 мың текше метріндегі отын кесілді. Аудан көлемінде орманды ұзақ мерзімге жалға алған 5 кәсіпкер жұмыс істейді. Олар құрылысқа қажетті материалдар әзірлеп қана қоймай, сонымен қатар, халыққа отын жеткізумен де айналысады. Бұрындары ағашты заңсыз кесу жиі кездесетін, қазір ондайлар жоқ. Себебі отынға тапсырыс берсеңіз, оны даярлаумен айналысатындар үйіңізге дейін жеткізіп береді.

 

Ағаштары оталған жерде бірер жылдан соң түбірлерден өрбіген жас өскіндер пайда болады. Сонымен қатар орманшылар көшеттер егу жұмыстарын да жүргізеді. Бұл тұрғыда үстіміздегі жылы 75 гектар игерілген. Тиісті аумақтарға қайың мен шырша отырғызылыпты. Орманды ұзақ жылға жалға алған кәсіпкерлер де ағаш егуге міндетті.

 

Самат Есмағи