Білім

“Тілдарын -2013” байқауы

 

 

Байқауда 2 орынды қанжығасына байлаған Юлия Савельева “Тілдарын”сайысына алғаш рет қатысып отыр. Болашақта шаштараз-модельер мамандығын игермекші. Кәсібім алға басу үшін түрлі ұлттың өкілдерімен өз тілдерінде араласқым келеді дейді студент. Осы күнге дейін тілдерді қаншалықты меңгергенін студент сайыста көрсете алды.

 

Юлия Савельева, Петропавл қызмет көрсету саласы колледжінің студенті:

-Мен барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, А. Құнанбаевтың әнін айтып беремін.

 

“Тілдарын -2013” қалалық байқауына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 18 бен 30 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының студенттері, аудармашылар, ұстаздар қатысты.

 

Нұрлыбек Сұрағанов, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті:

-Осы байқауға мен өз елім, кіндік қаным тамған жерім жайлы 3 тілде қысқаша мәтін дайындадым. Және де тіл, ақын-жазушылар және өзімнің мамандығым жайлы дайындап келдім.

 

4 аталым бойынша өткен сайыс барысында үміткерлердің 3 тілде сауатты жазуы, ойын анық жеткізе білуі мен жауаптарының мазмұндылығына баса мән берілді.

 

Алтынай Сыздықова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

-Байқаудың 4 кезеңі бар. 1-ші үйінде дайындап келген презентациясын көрсетеді. 2-ші “Тілдің үш тұғырлығы” бойынша 3 тілде эссе жазып келу. 3-ші таңдап алған тақырыптары бойынша деңгейлерін білу және де 4-кезеңде қай тілде болмасын алған мәтініне ілеспе аударма жасау.

 

Жеңімпаздар алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыға ие болады. Ал  бас жүлде иегері Нұргүл Казиева 19 қыркүйекте өтетін облыстық байқауда бағын сынайды.

 

Берік Қасен