Қоғам

Норвегиядан келген делегация Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде студенттермен кездесті

 

Норвегиядан келген меймандарды Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің ұжымы қонақжайлылықпен қарсы алып, бауырсақ пен қымыздан ауыз тигізді.

Кейін Оле Иохан Берный колледж студенттері мен қаладағы мейрамхана қызметкерлеріне арнап өткізген Норвегиядан келген үздік аспаздың шеберлік сыныбына қатысты. Норвегиялық асхана шебері “Канапэ” деп аталатын ұлттық тағамды әзірлеудің әдістерімен бөлісті.

Аспаз дайындаған тағамнан ауыз тигеннен кейін қонақтар Петропавл құрылыс -экономикалық колледжінің тарихымен танысты. Білім ошағында 2 жыл қатарынан скандинавиялық оқу бағдарламасы бойынша 2 топ білім алуда. Ол негізінен аспаздық кәсіптің тізгінін ұстап жүрген жандар. Келешекте үздік студенттер Норвегияда білімін жалғастыруға аттанбақ.

 

Роза Күлжанова, Петропавл құрылыс -экономикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

-Қазақстандық-норвегиялық жобамен біздің ПҚЭ колледжі міне, 2-ші жыл жұмыс істеп келеді. Ал, біздің студенттеріміз жоба бойынша 2 топқа бөлініп жұмыс істейді. Біреуі тамақ , 2-шісі, технолог-менеджер. Ол құрылыс бұйымдарын дайындау бойынша үйретілуде. 2 топқа да ағылшын тілінен өте көп сабақ беріледі. Неге десеңіздер, сәуір айында үлгерімі жақсы оқушыларымыз Норвегияға барып өздеріне тәжірибе алып келеді.

 

Кейін қонақтар студенттермен кездесті. Шараны облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашты. Ол екі ел арасындағы достық қарым-қатынас білім қуған жастарға үлкен көкжиектерді ашады деді.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру саласында норвегиялық РКК компаниясы жұмыс істеуде. Сіздер ағылшын тілін жақсы игеріп, шетелге барып өз еріктеріңмен алғашқы қадам жасағалы тұрсыздар. Келешекте шет тілі сіздердің кәсіптеріңізге үлкен табыс әкеледі.

 

Өз кезегінде Оле Йохан Берной Норвегияда білім алатын болашақ мамандардың алғашқы қадамына сәттілік тіледі.

 

Оле Йохан Бёрной, Норвегия Корольдігінің ҚР елшісі:

– Екі ел арасындағы әріптестік 3 бағытты қамтитын болады. Оның біріншісі елдегі шикізат, 2-шісі, заманауи құрылғылар, ал 3-ші білікті кадрлар яғни, сіздермен жұмыс істейтін боламыз. Сол үшін сіздер осы бастан біздің жобаны жақсы игеріп, ағылшын тілін үйреніп алыңыздар. Сонда ғана біз жеткен жетістіктерімізбен бөлісіп, өзара ортақ тілде түсінісе аламыз.

 

Сондай-ақ Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы елшісі облыстық тарихи- өлкетану мұражайы мен Абылай хан резиденциясында болып, ел тарихымен танысты.

 

Берік Қасен