Спорт

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін жүзу спортынан сынап көрді

 

Суда жүзуге келген мүмкіндігі шектеулі жандар алдымен жаттығу жасап алды. Балаларды 10 шақты спорттық сайыс күтуде. Сондықтан денесін қыздырып алған балғындар бірден екі топқа бөлініп, судың ішінде берілген қиындықтарды бағындыруға кірісті.

 

Наталья Болотская:

– Мен сәуір айында осында келіп, жүзуді үйрендім. Маған мұнда өте ұнайды. Бүгінгі ұйымдастырылған жарыста жеңіске жеткім келеді.

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыруға бағытталған шараларды “Адон Север” ҚБ жиі өткізіп тұрады. Бұл жолы олар балаларды бассейнге әкелген. Суда жүзіп серігіп қайтуға келген балалардың ең кішісі 3-те. Жалпы, “Адон Север” ҚБ 60 мүгедек жерлесімізге қолдау көрсетуде.

 

Елена Колмогорова, «АДОН-Север» ҚБ төрайымы:

– Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарды бассейнге әкелдік. Бұған дейін олар атқа мініп үйренді. Мұндай шаралар балаларды сауықтыруға үлкен көмек болары сөзсіз. Алдағы уақытта жарымжан балғындардың шеберліктерін байқап көру мақсатында да түрлі сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

 

Бүгінгі сайысқа қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына медаль мен грамоталар тапсырылды.

 

Бану Ахметова