ТКШ

Су құбырлары жаңғыртылуда

 

 

Мамандар Жұмысшы кентінде тесілген жерасты құбырын ауыстырып жатыр. Бұрынғысы шойыннан құйылса, жаңасы пластиктен жасалған. Негізі “Қызылжар судың” қарамағында ұзындығы 308 шақырым су өтетін желі бар. Бүгінде олардың 60 пайызы ескірген.

 

Ержан Құсымбаев, “Қызылжар су” ЖШС сумен жабдықтау кешенінің басшысы:

– Су өткізетін желілердің көбі 1950- 80  жылдар аралығында салынғандықтан, бүгінде тозығы жеткен. Сол себепті, құбырлар жиі тесіледі. Біз жыл сайын желілердің 10-12 шақырымын жөндеп отырамыз. Ескісінің орнына пластик жалғаймыз. Ол шамамен 50 жылға жетеді.

 

Осылай, “Қызылжар судың” мамандары жыл басынан бері 138 зақымданған жерді дұрыстаған.

Петропавл тұрғындары ішетін су міне, мына жерде тазаланады. Су таралатын негізгі магистраль ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Құрылым басшысы Геннадий Кирилловтың айтуынша, олардың 70 пайызы тозып тұр. Дегенмен, бұл судың сапасына кері әсерін тигізбейді. Оның құрамы әрбір 3 сағат сайын тексеріледі.

 

Геннадий Кириллов, “Қызылжар су” ЖШС су тазартқыш құрылымдар басшысы:

-Су 2 тазарту кезеңінен өтеді. Жиналған тіршілік көзі, ең алдымен жабық тұндырғышқа жіберіледі. Одан кейін фильтрге түседі. Құмнан сүзіліп, тазартылған соң қоймаларға жиналады. Ал, ар жағынан насос станциялары көмегімен қала аумағына таратылады.

 

2 насос станциясының біреуін кәсіпорын өкілдері бюджеттік қаржыға жөндеген. 6 бірдей жаңа насос орнатып, бәрін автоматтандырған. Ең бастысы – энергияны үнемдеуге басымдық беріліп отыр. Жаңа кешенді трансформаторлық қосалқы станция да орнатылыпты. Жаңғыртудың нәтижесінде ай сайын үнемделетін 1 млн теңгені олар желілерді жаңғыртуға жұмсайды.

 

Данаш Хамзина