ТЖ

Құтқарушылар арасында мемлекеттік тілден байқау өтті

 

 

“Бой жазу да ой жазу” танымдық ойынына ТЖ департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелерінен 60 қызметкер қатысты. Олардың барлығы мемлекеттік тілді қызметтерінде күнделікті меңгеріп жүргендер. Сайыскерлер 3 топқа бөлініп, тілді қаншалықты білетіндіктерін, сонымен қатар әртістік қабілеттерін көрсетпек.

 

Әсия Баталова, СҚО ТЖД құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы:

-Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған мереке болғандықтан, 1-ші әрине, мемлекеттік тілді дәріптейміз. Оның меңгерілу деңгейі қаншалықты, өзінің қызметінде қолданыс аясының қалай жүзеге асып жатқандығын ТЖД қызметкерлерінің арасында байқаймыз.

 

4 кезеңнен тұратын танымдық ойын барысында құтқарушылар ұлттық салт-дәстүрге, тағамға, биге қатысты көп мағлұмат алды. ТЖД мемлекеттік өрт  бақылау бөлімінің бас маманы Жазира Қожахметова мұндай сындардың сөздік қорымызды байытуда септігі мол дейді.

 

Жазира Қожахметова, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы:

-Бұл шаралар біздің қызметкерлерге пайдалы деп ойлаймын. Себебі, сабақтарында өткен білімдерін пысықтау үшін, әрі өздерінің қызметтеріне қажет, ауызекі сөйлеу тілі де дамиды.

 

Берік Қасен