Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасына – 30 жыл

 

 

Облыстық балалар емханасының құрылғанына 30 жыл. Бүгінде бұл емдеу орны кішкентай өңір тұрғындарына жобалық және жедел стационарлық көмек көрсететін бірегей орын. Үш ондық жылдың ішінде медициналық мекемеде 30 мың бала ем алды. 500-дей ота жасалды. Жыл өткен сайын емдеу мекемесінің материалдық-техникалық кешені жаңаруда. Емдеу мекемесі дәрігерлердің ауруды нақты анықтап, диагноз қоюына мүмкіндік беретін түрлі заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда 65 білікті дәрігер еңбек етеді.

 

Олег Завьялов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Соңғы кезде облыстық балалар ауруханасы заман ағымынан қалыспай дамып келеді. Біз лапороскопиялық операциялар жасаймыз. 2003 жылдан бері мұндай 80 операция жасадық. Жыл соңына дейін 32 компьютерлік тамогроф алуды жоспарлап отырмыз. Балалар урологиясы бөлімін дамыту да жоспарда бар.

 

Отыз жылдық мерейтой алдында емдеу мекемесінде “Педиатрия мен балалар хирургиясының өзекті мәселелері” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға еліміздегі бірнеше денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері сондай-ақ, РФ келген қонақтар қатысты. Олардың мақсаты бір. Ол тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек беру. Осы орайда облыстық балалар ауруханасы Астанадағы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығымен 2 жылдан астам етене тәжірибе алмасуда. Олар бірлесіп неоноталдық хирургияны дамытуға ниетті. Жыл басынан емханада неоноталды хирургия жобасымен 8 пациентке ота жасалды.

 

Асылжан Ерекешов, Астана қаласы ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының профессоры:

– Петропавл қаласындағы балалар ауруханасында 2 жыл көлемінде туа біткен ақаулар бойынша нәрестелерге ота жасалуда. Қазіргі көрсеткіштері жаман емес. Ол біріншіден мамандардың кәсіби деңгейде жоғары болуына байланысты. 2-шіден, осы ДСМ, ОДСД-мен көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оған мына заманауи техникалар сатып алынуда, арнайы ота жасайтын бөлімше ашылды. Осының арқасында туа бітті күрделі ақаулары бар нәрестелерге көмек көрсетілуде.

 

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Омбы медициналық академиясы педиатрия факультетінің деканы Нелли Демдоми де қатысуда. РФ-ң өкілі облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерімен тәжірибе алмасып тұрады.

 

Нелли Демдоми, Омбы медициналық академиясы педиатрия факультетінің деканы:

– 30 жыл дегенің үлкен мерзім. Ол уақыт аралығында ақ халаттылар жұмысында қанша қиыншылық пен қуанышты бастарынан өткерген. Мен де өзім кардиолог маманмын, сондықтан, туа біткен жүрек ақауымен дүниеге келіп жатқан сәбилердің өмірі жаныма батады. Жиында әріптестеріме “Қазіргі перинаталды кардиологияның мәселелері” атты баяндамамды әзірлеп келдім.

 

Айта кету керек, облыстық балалар ауруханасында жыл сайын қала мен шалғай ауылдардан келген 10 мыңға жуық жеткіншек денсаулықтарын оңалтып алады.

 

Рашида Иванова, СҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Облыстық емхананы 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл емдеу орны ана мен сәбидің денсаулығын оңалтуда жақсы қадамдар жасауда. Соңғы кезде өңіріміздегі көрсеткіш жаман емес. “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқалы мүгедек, науқас балалардың саны азайып, бала өлімі 15 пайызға азайған.

30 жылдық тарихы бар емдеу орны Түмен қаласының кардиохирургтарымен 10 жылдан астам қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Әріптестік қатынастың арқасында 575 солтүстікқазақстандық балаға ота жасалған.

 

Берік Қасен