Қоғам

Депутаттардың пікірталас алаңы

 

 

Жас депутаттардың алғашқы шекаралас форумына қатысушылар облыстық мәслихатта болды. Олар халық қалаулыларымен кездесіп, аға буын өкілдерінің дәрісін тыңдады.

 

Қайырлы Едіресов, СҚО мәслихатының хатшысы:

-Кездесудің маңызы зор. Пікір алмасуға септеседі.

 

Жас депутаттар үшін де мұндай кездесулердің маңызы зор. Қай елде болмасын халық қалаулыларына жүктелген міндет бір, бұл – ел дамуына үлес қосып, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту.

 

Александр Варакин, Омбы облыстық Заң шығару жиналысымен ұйымдастыру бөлімі аппаратының жетекшісі:

– Осы дөңгелек үстелдің біз үшін, жас депуттаттар үшін маңызы ерекше зор. Аға буын өкілдерінен істі қалай жүргізу керектігі жөнінде кеңес аламыз. Бізді мазалаған сауалдарды біліп, атқарылған жұмыстар жайлы баяндамақпыз.

 

Форум келекшекте шекаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септеспек.

 

Мағжан Ахмадина