Қоғам

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері

 

 

Видеоконференцияға жиналғандар “Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын” талқылады. Өйткені бұл мәселе бүгінгі күні барлық әлемнің елдері үшін ортақ екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Алғашқы рет ұйымдастырылған жиынға тек еліміздің ғана емес Белорусь, Ресей, Украина елдерінің білім беру мекемелерінің, құқыққорғау органдары, теміржол және әуе көлік басқармаларының өкілдері қатысты. Бас қосудың еліміз үшін маңызы зор деп атап өтті видеоконференцияны ашқан Қазақстан Республикасының Бас көлік прокурорының орынбасары Жақып Асанов. Өйткені аталған елдер бұл жиын арқылы темір жол және көлік қауіпсіздігіне қатысты тәжірибе алмасады. Мамандар кедендік одақ құрылғалы жүк тасмалдаушылар қатары артты дейді. Еліміздің бас көлік прокуроры биылғы жылдың 8 айының ішінде поезды қолдануға қатысты 451 заң бұзушылық тіркелді дейді. 2-еуі апаттық жағдаймен аяқталған. Азаматтық авиацияда да проблемалар жетерлік. Облыстың көлік прокуроры кемшіліктерді қайталамау үшін шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасудың маңызы зор дейді.

Бұл халқаралық видеоконференция екі күнге жалғасады. Ертең мамандар “Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көлік прокуратурасы, құқыққорғау және арнайы органдардың ролі” жайында дәрістер тыңдайды.

 

Бану Ахметова