Билік

Ұлттық тарихты зерттеу мәселелері талқыланды

 

Жиынды ашқан өңір басшысы өткенін зерделемеген елдің болашағы бұлыңғыр екендігін атап көрсетті. Тарихымызды түбегейлі зерттеу өскелең ұрпақ үшін қажет. Ол Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен ұлттық тарихты зерттеу бойынша өз жұмысын бастады. Оның екі отырысы өтті. Оған Фархат Шаймұратович қатысып қайтты.

 

Өңір тарихын зерттеу жөніндегі қоғамдық кеңеске 15 адам мүшелік етеді. Олар әр салада еңбектеніп жүрсе де, алдарына қойылған міндет бір. Ол өлке тарихын кеңінен зерттеу. Ғасырлар қойнауында жатқан сырларды ашып, оны жарыққа шығару, халыққа кеңінен насихаттау. Бүгінгі тарихымыздың арнасын одан әрі кеңейту.

 

Салауат Мүксімов, СҚО ішкі саясат басқармасының жетекшісі:

-Ұлттық тарихымызды зерттеудегі негізгі аспект, ол ақпараттың дәлдігі мен нақтылығында болуы шарт. Бұл тұрғыда тарихшыларымыз бен аға буын өкілдеріне артылар міндет ауқымды.

 

Өңір тарихын саралауда қоғамдық кеңес жұмысы үш бағытты қамтуы керек. Ол зерттеп-зерделеу, тарихты кеңінен насихаттау және құнды деректер мен жәдігерлер жайында ағартушылық еңбектерден тұрады.

 

Рүстем Елубаев, СҚО мәдениет басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Тарих бұл еліміздің өткен жолы. Оны терең зерттеуді Елбасы осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан халқына арналған жолдауында “Ұлттық мәдени мұра” атты айдармен айқындап берген болатын.Бүгінгі ұлттық тарихымызды зерттеп-зерделеу соның жалғасы.

 

Өткенімізді өскелең ұрпаққа насихаттауда мұражайлардың алар орны ерекше. Себебі онда талай ғасырлардың куәсі болған құнды жәдігерлер жетерлік. Бірақ олардың жұмысын әлі де бірізділікке түсіру қажет.

 

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:

-Айтайын дегенім мұражайға келушілер қатары артып келеді. Бір кезде онда этнографиялық зал болған. Қазір орынның тапшылығына байланысты ол алынып тасталды. Ал этнографияның өзі қазақ халқының әдет-ғұрып, салттарын насихаттайды. Сондықтан оны қайта ашуды ойлансаңыздар деген ұсынысым бар.

 

Жиынды қорытындылаған Самат Ескендіров аталмыш кеңес жұмысы ұлттық тарихымызды зерттеп-зерделеуге арналғандықтан, оның келесі отырыстары мемлекеттік тілде жүргізілуі керектігін атап көрсетті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Өздеріңіз көріп жүрсіздер, соңғы кездері Үкімет отырыстарының біразы қазақ тілінде өтіп жүр. Ал біздің кеңес ұлттық тарихымызды зерделеуге арналғандықтан оның келесі отырыстарын мемлекеттік тілде жүргізуді ұсынамын.

 

Тарихымызды зерттеуде төгілер маңдай тер аз емес. Ол ел үшін қажет.

 

Самат Есмағи