Қоғам

Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде 200-ден астам жазасын өтеуші емделуде

 

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде 200-ден астам сотталған денсаулықтарын жақсартуда. Сақтансаң сақтаймын деген қағиданы ұстанғандар ем-дом шараларынан қол үзбек емес. Алайда кей тұлғалар қамаудан босағасын емді жалғастырудан бас тартатын көрінеді.

 

Любовь Карташова, «Кредо» ҚБ төрайымы, Қарағанды қаласы:

– Адамдар емделуден әртүрлі себептерді айтып бас тартады. Бірақ біз олармен алдын алу шараларын жүргіземіз. Ем-дом тегін жүргізіледі. Сондықтан біз оларға аурудың қаншалықты асқынуы мүмкін екендігін айтамыз. Оның үстіне ол жақындарына қауіп төндіреді. Бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін.

 

Ағымдағы жылы өңірімізде түрмеден босаған 12 адамның 6-ы қатерлі дерттен айығып шықса, қалғаны қазір облыстық туберкулезге қарсы диспансерде емін жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыс жолға қойылған дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлім меңгерушісі.

 

Кенжегүл Әріпова, Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бөлім меңгерушісі:

-Әр түзету мекемесінде фтизиатр жұмыс жасайды.

 

Науқастанған сотталғандар үшін Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Көкшетау, Өскемен және Петропавлдың колонияларында медициналық көмек көрсетіледі. Сотталғандар арасында өкпе ауруымен науқастанғандардың басым бөлігі Орталық Қазақстанда тіркелген. Түрмеден босап, туберкулезге қарсы диспансерлерге одан әрі емделуге жіберілген сотталғандардың мәселесі талқыланған шаралар осыған дейін еліміздің 4 өңірінде өтіпті. Мамандар енді Павлодар мен Өскемен қалаларына барады.

 

Мағжан Ахмадина