Қоғам

Мүгедектерге мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар бұрын мемлекеттік қызметтерді өкілін жіберу арқылы жүзеге асырып келсе, енді, бұл үрдіске жеке өздері де қатыса алады. Жаңашылдық облыс әкімдігі, мүгедектер қоғамы мен халыққа қызмет көрсету орталығы арасында жуырда ғана жасалған өзара әріптестік жөніндегі келісімшарттың негізінде қолға алынды.

 

Ольга Юрьева, “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК СҚО бойынша филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

-1-ші топтағы мүгедек азаматқа мемлекеттік қызметті рәсімдеу қажет болса, оған қалалық немесе ұялы телефоннан 14 14 нөміріне тегін қоңырау соғуына болады. Сөйтіп, үйде қызмет көрсету туралы өтінімін қалдыруы тиіс. Бұған қоса, аты-жөнін, мекен жайын, мемлекеттік қызмет түрін және телефон нөмірлерін айтады. Кейін, өкілетті маман тағы бір хабарласып, қашан келетіндерін мәлімдейді.

 

Мүгедектің үйіне бару үшін жедел топ құрылады. Оған 3 маман кіреді. Бұл өзгешеліктің қолға алынғанына 2 ай да болған жоқ. Сол себепті, қала бойынша мүгедектер мұндай қызмет түріне әлі жүгінбепті. Ал, бірақ, аудандарда мүмкіндікті жарымжан азаматтар пайдаланып жатыр дейді орталық мамандары.

 

Ольга Юрьева, “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК СҚО бойынша филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

-Сондай-ақ, жедел топтың мүшелері орталықта көрсетіліп жатқан қызметтер туралы кеңес береді.Егер қажет болса, клиенттің келісімімен “Электронды үкімет” порталы арқылы электрондық қызмет алу үшін сандық қолтаңба рәсімдейді.

 

Бүгінде Петропавлда 1-ші топтағы 640 мүгедек адам тұрады.

Жалпы, жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығында 150-ге жуық қызмет түрі бар. Оған қоса тағы 20-сы сыналуда.

 

Данаш Хамзина