Мәдениет

Филармония ұжымдары жаңа маусымға әзірленуде

 

Облыстық филармония 49-шы  рет шымылдығын көтереді. Маусым үлкен концертпен қазанның екісі ашылмақ. Өнер шаңырағының бұл маусымға дайындап отырған бағдарламалары ауқымды. Яғни,110 концерт қоюды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні облыстық филармония ұжымы 45 адамнан тұрады. Олар өткен маусымда республиканың өзге қалаларына да шығып, концерттер берді.

 

Сергей Имашбаев,СҚО филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі:

– 3 жыл қатарынан Еуропа, Италья, Болгария, Германияға шақырту алып жатырмыз. Яғни біз оларға өзіміздің концерттік бағдарламаларымызды жіберген едік. Қаражаттың болмауынан шет елге бара алмай отырмыз. Дегенмен 2010 жылы облыстық бюджеттен жаңа аспаптарды сатып алу үшін 40 млн теңге бөлінді.

 

Бүгінде облыстық филармонияның 7 шығармашылық ұжымы бар. Олардың репертуарларында отандық, шетел композиторлары мен классиктерінің, халық және джаз  әндері мен билер  орындайды. Ал, соңғы жылдары облыстық филармония ұжымы 10 адамға көбейген.

 

Бану Ахметова