Құқық қорғау органдары

Заңсыз сақталған қаруды ішкі істер бөлімдеріне тапсыру акциясы

 

 

Қыркүйектің бірінен тәртіп сақшылары заңсыз сақтауда болған қару-жарақтарды өз еркімен тапсыру акциясын бастаған болатын. Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін ішкі істер органдарына солтүстікқазақстандықтардан 28 өтініш келіп түсті. Облыс орталығының тұрғындары 33 оқпен атылатын қару және 26 тегіс оқпанды мылтықты, сонымен қатар 43 оқ-дәріні тапсырған.

 

Вахтанг Катамадзе, Петропавл қаласының тұрғыны:

– БАҚ өкілдері таратқан ақпараттан біз елімізде қару-жарақты өз еркімен тапсыру акциясының өтіп жатқанын және бұған азаматтар сыйақы алатынын естідік. Сөйтіп, қолымдағы бар қаруды тапсырдым. Бұл үшін ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқпын.

 

Заңсыз сақталған қару-жарақты өз еркімен тапсырған тұрғындарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі.

 

Еркін Хамзин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлімше басшысы:

– Өз еркімен қаруды тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл акцияның уақыты шектеулі. Яғни 30 қыркүйекте аяқталады. Сондықтан барлық өңір тұрғындары заңсыз сақталған қару-жарақтары болса, өз еріктерімен дер кезінде бізге тапсыруларын сұраймыз.

 

Осыған байланысты сұрақ туындаған жағдайда өңір тұрғындары облыстық ІІД немесе кез-келген ішкі істер органдарының аумақтық бөліміне хабарласа алады.

 

Бану Ахметова