Денсаулық сақтау

Петропавлдықтар қаладағы емдеу мекемелерін бағалады

 

 

Жасотандықтар 4 емханада сауалнама жүргізген. Әр емдеу мекемесінде қызмет сапасы, дәрігерлердің қызмет көрсетуі, дәрі-дәрмекпен қамту сынды 20 сұраққа 150 адам жауап берді. Жалпы шараға 600 адам қатысқан. Сауалнама нәтижесінде №2 емхана үздік атанды. №3 емхана екінші орынға лайық деп танылды. Ал жекеменшік «Денсаулық» емдеу мекемесі үшінші орынға жайғасты. №1 емхана емделушілердің көңілінен мүлдем шықпады.

 

Гүлжан Жетпісова, «Жас Отан» ЖҚ мүшесі:

-Тіркеу орындарындағы жұмысты жетілдіре түссе, жақсы болар еді. Ол ұзын- сонар кезектер санын қысқартуға септеседі. Онымен қоса карточкалармен жұмысты жолға қою қажет. Бұл барлық біз сауалнама жүргізген емдеу мекемелеріне қатысты айтылған.

 

Жалпы бұл жоба “Сорос-Қазақстан” қорының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Олардың жариялаған 6 грантының 3-уін солтүстікқазақстандықтар ұтып алған.

 

Наталья Кудинова, «СҚО белсенді жастары» ЖҚБ менеджері:

-Гранттарды жеңіп алған азаматтардың зерттеу тақырыптары әр түрлі. Жастар өздері қалаулары бойынша таңдады. «Жас Отан» белсенділері медициналық қызмет сапасын тексермек болды. Оның мақсаты қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

 

Кездесуге қатысқан емхана қызметкерлері ескертулерді қарастырып, жағдайды бақылауға алатындықтарын жеткізді.

 

Мағжан Ахмадина