Құқық қорғау органдары

Пара алған шенеунік ұсталды

 

 

Ұсталған шенеунік – Тайынша ауданының бас санитар дәрігері Азамат Орынбек. Ол жеке кәсіпкерге санитарлық құжаттың қорытындысын еш кедергісіз алып беремін деп 85 мың теңге пара алған. Сөйтіп, ол сол күні қаржы полициясының құрығына түсті.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:

– Ол ақшаны жобалық экологиялық құжаттар бойынша санитарлық эпидемиологиялық қорытындыға яғни кедергісіз қол қою үшін талап еткен. Пара алғаннан кейін күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сот шешімімен ол ұсталды.

 

Сөйтіп шенеунік 7 қыркүйектен уақытша ұстау абақтысында отыр. Қазір пара алу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылады. Естеріңізге сала кетсек, жақында қаржы полициясының қызметкерлері Петропавл қаласы ІІБ 1 полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Полиция капитаны жалған жанар-жағармай талонын сатқан алаяқтардың ісін тоқтатуға септесетіндігін айтып, 500 мың теңге көлеміндегі қаржыны басып қалған.

 

Бану Ахметова