Спорт

«Денсаулық» фестивалі

 

 

Бану Ахметова, тілші:

Жалпы, спортты қолдайтын халық орталық алаңға бір адамдай жиналды. Бәрі «Спорт – денсаулық кепілі» деген қағиданы ұстанып, жаттығу жасауда.

 

Бұл жолы республика көлемінде ұйымдастырылған фестиваль “Денсаулығым кермет – жаттығуға көп рахмет” деген ұранмен өтті. Оған еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатысты. Жас ерекшеліктері 3 пен 70 жас аралығында.

Өңірімізде спортты дамытуға үлес қосып жүргендер де осында. Солардың бірі – ҚР құрметті спорт қайраткері Жамбыл Тасеменов. Талай кәсіпқой палуанды тәрбиелеген қарт спортшы, дене шынықтырудың адам өмірінде маңызы зор дейді.

 

Жамбыл Тасеменов, ҚР құрметті спорт қайраткері:

– Елбасы өз жолдауында халықтың 30 пайызы спортпен шұғылданыу керек деген болатын.

 

Бүгінде өңір жастарының спортқа бет алысы жақсы. Сондықтан болар “Денсаулық фестиваліне” 350-ден астам адам жиналды. Араларында бұл шараға алғаш рет қатысып отырғандар да бар.

Фестивальде өңіріміздің спортшылары да өз өнерлерін көрсетті.

Дәл осы күні еліміздің барлық аймағында “Денсаулық фестивалі” бір күні және бір уақытта өтті.

 

Ольга Фурсова, СҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары:

-Осындай фестиваль халықтың жаппай спортпен шұғылдануына сеп болады. Дегенмен де жастар жағына көп көңіл бөлінеді. Сондықтан бүгін біз ЖОО мен колледж студенттерін, мектеп оқушыларын және балабақшаның кішкентай бүлдіршіндерін шақырдық. Аға буын өкілдері де шет қалмай, осы шараға қатысып жатқандығы қуантады.

 

Бұл күні фестивальге келгендер өз денсаулығын тексерту мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін облыстағы 8 медициналық мекеме қызметкерлері тегін кеңес берді.

 

Бану Ахметова