Спорт

Спортты серік еткен отбасылар

 

 

Асыл Сүлейменова бүгінгі жарысқа қатысуға қуана келіскен. Жолдасы Еркеш 16 жыл түзету мекемесінде қызмет атқарады екен. Екі баланың анасы осындай сайыстар отбасының бірлігін, татулығын шыңдайды дейді.

 

Асыл Сүлейменова:

-Мұндай жарыстар отбасының бірлігін нығайтып, татулығын паш етеді.

 

«Спортты серік еткен отбасылар» сайысына 8 команда қатысып отыр. Олар 5 кезеңді бағындыруы тиіс.

 

Любовь Лапина,«Азаматтық бастамаларды дамыту институты» ҚБ аға менеджері:

– Бұқаралық спортты дамытуда мұндай жарыстардың маңызы зор. Дені сау ұрпақты қалыптастыруға өз үлесімізді қосып, спортқа деген жастардың қызығушылығын оятамыз.

 

1-ші сайысқа отбасының барлық мүшелері қатысса, екінші кезеңде өз өнерлерін тек отағасылар паш етті. Ал 3-ші болып ортаға аналар шықты. Нәзік жандылар 1 минут ішінде әуе шарларын ракетканың көмегімен межеленген орынға жеткізу керек болды. Бұл сында 4 ұпай жиған Айдана Байғожина топ жарды.

 

Айдана Байғожина:

-Жаңағы сайыста жылдамдық, ептілік керек болды. Жалпы ойындар тартысты өтуде.

 

Сайысқа қатысушы барлық құрамалар сыйлықтармен марапатталады. Ал жеңімпаздардың жүлделері «Улыбка» қайырымдылық қорына аударылмақ

 

Мағжан Ахмадина