Ауыл шаруашылығы

Мамлют ауданында астықтың 40 пайызы орылды

 

Орақ науқаны “Становое” серіктестігінде де қызу жүріп жатыр. Әзір мұндағылар 210 га егін алқабындағы астықты жинауда.

Бұл егіс алқабын орып алу үшін 3 комбайн, 2 трактор және 1 КАМАЗ  жұмылдырылған.

Қайсар Әбілқайыров комбайн жүргізеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өтілі 26 жыл. Қазір ол “Джондирдың” рөлінде отыр. Ал еңбек жолын “Нива” комбайнынан бастапты.

 

Қайсар Әбілқайыров, “Становое” ЖШС комбайншысы:

– Қазір біз жаңа техникамен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл комбайн бұрынғыларынан әлдеқайда өзгеше. Барлығы компьютермен басқарылады. Комбайынның сыйымдылығы 5 тоннадан асады. Күніне жинап алатын астығымыз дән егілген алқапқа байланысты. 70-80 тонна болуы мүмкін. Негізі жұмысым өзіме ұнайды.

 

Жалпы бұл серіктестік 532 га аумаққа бидай мен 500 гектардан астам жерге майлы дақыл егіпті. Әзірге мұнда орташа астық берекелігі гектарынан 16,5 центнерден айналуда. Егілген дәнді дақылдың 520 гектары жиналып алынса, оның 360 бастырылған.

Серіктестік ауа райы қолайлы болса егіс алқабын 1 аптаның ішінде жинап аламыз деуде.

 

Юрий Григоров, “Становое” ЖШС меңгерушісі:

– Қазір астықты жинаудамыз. Бұл жұмысты аяқтаған соң зығыр оруға көшеміз. Жалпы қолда бар техниканы шығарып, орақ науқанын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстардың бәрін аяқтаған соң, басқа серіктестіктерге көмектеспекпіз.

 

Бүгінде Мамлют ауданында 58 серіктестік, 190 шаруа қожалығы бар. Жалпы мұндағы аграрийлер осы уақытқа дейін 53 мың га астық және 1100 га майлы дақылдарды жинап алған. Бұл барлық алқаптардың 40 пайызын құрайды. Орташа өнімділік аудан бойынша гектарына 12,9 центнерден айналуда. Егіс алқаптарына барлығы 52 тіркемелі жатка мен 561 комбайын жұмылдырылған.

 

Василий Лисичкин, Мамлют аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары:

– Аудан бойынша жинап алынған дәнді дақылдардың 21 пайызы бастырылды. Ауа райы соңғы кездері жақсы болуда. Ауданда 100-ден астам комбайн жоғарғы өнімділікке ие. Қазіргі уақытта шағын серіктестіктер мен шаруа қожалықтары орақ науқанын аяқтады. Ауданда биылығы жылы өнімділік былтырғыға қарағанда аз. Оған жауын-шашынның мөлшерден көп түсуі себеп болып отыр.

 

Бану Ахметова