Құқық қорғау органдары

Кісі соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші көп ұзамай ұсталды

 

Оқиға бейсенбі күні таңғы сағат 8.30- да Чайковский және Тоқсан би көшелерінің қиылысында орын алған. Бағдаршамның рұқсат етілген түсіне қозғалған «Mitsubishi» маркалы көлік жүргізішісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Куәгерлер бірден жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен әйел  №3 қалалық ауруханаға жеткізіледі. Ал темір тұлпар жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Мадияр Харипов, СҚО ЖПБ іздестіру бөлімінің инспекторы:

-Жедел іздестіру шаралары арқасында 1 сағат көлемінде жүргіншіні қағып кеткен азамат ұсталды.

 

Ол 29 жасар Петропавл тұрғыны болып шықты. Ер адам жол жиегін жинап жүрген «Коммунхоз» қызметкерлеріне назар аударып, басты жолға жөнді қарамаған.

Зардап шеккен әйел ем қабылдап жатыр. Қазір оның өміріне еш қауіп жоқ. Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан Петропавлда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, полиция қызметкерлеріне хабарламай, оқиға орнынан қашып кетудің 20 фактісі тіркелген.

 

Мағжан Ахмадина