Қоғам

Бақытты отбасыларындағы ата-аналар арасындағы қарым-қатынас моделі

 

Әр бойжеткеннің арманы сәтті тұрмысқа шығып, бала сүю. Бұндай бақытқа кенелгендердің бірі – Әсел Шәкімова. Ол жұбайы Думанмен бір ұжымда еңбек етіпті. Әріптестердің таныстығы үлкен махаббатқа ұласқан. Осылайша екі жас шаңырақ көтеруді шешіпті. Әсел  әйел адам – отбасының ұйытқысы дейді. Баласы Қасымды бағып, кешке жұмыстан шаршап оралған отағасын күтіп алады.

Бұл Әсел Шәкімованың соңғы кездегі арманы болатын. Ана атанып, бүтіндей бір шаңыраққа демеу болуды қандай бойжеткен армандамайды. Жұптары жарасқан Думан мен Әселдің отау құрғанына да биыл 4 жыл болып қалыпты.

 

Әсел Шәкімова:

-Мен жолдасыммен 7 жыл бұрын таныстым. Бірге жұмыс істедік, 3 жыл кездесіп отбасын құрдық. Жанұяда бастысы махаббат болуы керек. Отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Әйел адам отағасын сыйлауы керек, сонда ғана бақыт құсы қонады.

 

Ана болу бақытына кенелген Әсел-қазір бар бос уақытын баласына арнайды. Далада серуендеп, доп қуып, түрлі ойындар ойнайды. Әсел баласынң көз алдында өсіп келе жатқандығына қуанады. Әйел сәби күтіміне 3 жылын арнауы керек. Бұл уақытта сәбидің буыны бекиді дейді. Негізінде жанұяның жоспарында тағы 2 баланы дүниеге әкелу бар. Өйткені балалы үй – базар емес пе?.

 

Әсел Шәкімова:

– Ана бала үшін өмірді көрсететін есік іспетті. Ол баланың өмірді тануына, қоғамға бейімделуіне көмектесуі тиіс. Алғашқы 3 жылда баланың мінез-құлқы қалыптасады. Сәбидің шешесі осы кезде баланың дұрыс қалыптасуына қажетті негіздерді беруге міндетті.

 

Әсел бақытты аналар интернет-клубының мүшесі. Ол бала тәрбиесіне қатысты кез-келген кеңесті осы клубтан алуға болады дейді. Балалар дәрігері, психолог, невропатолог, дерматолог тағы да басқа дәрігерлердің кеңесін алуға болады. Жаңа туған сәби үшін емшек сүтінің маңыздылығы жөнінде де қыруар ақпарат бар. Тіпті, бөбегіңнің алғашқы сөздерін айтып, тәй-тәй басқаны туралы жаңалықтармен бөлісудің өзі де керемет қой. Мұндай сайтты ашу идеясын Пышкиндер отбасы өмірге әкелді.

Ульяна Ашимова, “Клуб счастливых родителей” жобасының авторы және жетекшісі:

-Қазақстанда Отбасы күні деген мерекенің пайда болғаны қуантады. Елімізде жанұя бірлігіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл қуантардық дүние.

 

Жас ана Ульяна Ашимова ата-ана өз баласының өміріне жауапты, баланы- бастан дейді халқымыз, сондықтан бала тәрбиесін босаңсытып алмау керек деген ойда.

Жалпы интернет-жобаның жұмыс істеп тұрғанына бір жарым жыл болды. Сайтты пайдаланушылар қатары да өсіп келеді. Бүгіндері 600 адам тіркелген. Олардың әрқайсысына Отбасы күні ерекше мереке.

 

Бану Ахметова