Ауыл шаруашылығы

Облыста дәнді дақылдардың 20 пайызы жиналды

 

Астық берекелігі жақсы дейді мамандар. Орташа алғанда гектарына 13,8 центнерден айналуда. Бұдан төмені мен жоғарысы да бар. Мәселен, Айыртау ауданында гектарына 16,1 центнерден шыққан. Жанар-жағармай жеткілікті. Биыл солтүстікқазақстандық аграрийлерге Үкімет 72 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлген. Егіс алқаптарында 14 мыңнан аса трактор, 9,5 мың комбайн және 5 мыңнан артық дестелегіш жұмыс істеуде. Егін орағының қарқыны күннен-күнге қызып келеді. Тек ауа райы кедергі келтірмесе болғаны. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 4,4 млн. гектарға егілген болатын. Соның 3,6 млн. гектары – дәнді дақылдар. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы республика бойынша жиналатын астықтың 30 пайызын береді. Биылғы өнім көлемі 5 млн. тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр.

 

 

Данаш Хамзина