Құқық қорғау органдары

40 келі есірткіні автокөлікке айырбастамақ болды

 

4 келі гашиш пен 36 келіге тарта марихуана. Есірткі тасымалдауды кәсіп еткен Ақмола облысының тұрғыны осынша нашаға “Мерседес-Бенц” автокөлігін сатып алуға болады дейді. Өйткені ол бұған дейін Солтүстік Қазақстанға есірткіні Көкшетаудан жеткізіп отырған. Бұны өңір полицейлері жуырда жедел іздестіру шаралары барысында анықтаған. Сөйтіп, тәртіп сақшылары күдіктіні келесі арам ойын іске асырмақ болған жерінен ауыздықтады.

Ұсталған күдікті 36 жаста. Бұрын алаяқтығы үшін сотталған. Көкшетаудың тұрғыны. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

Қабира Мұхамбетова, СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы:

– Жедел іздестіру шаралары барысында Көкшетау қаласында есірткіге автокөлікті айырбастап жатқан ер адамды ұстадық. Нашаны тасмалдаушыдан 3,77 грам наша мен 35,950 грамм марихуана тәркіленді.

 

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі тәркіледі. Оның 5 келіден астамы героин, 10 келісі гашиш және 84 келіге жуығы марихуана.

 

 

Бану Ахметова