Құқық қорғау органдары

Жалған талон сатқан алаяқтар ұсталды

 

 

Бірінші полиция бөліміне жалған жанар-жағармай талонын сатып алған бірнеше қала тұрғыны шағымданған. Жедел іздестіру шараларының арқасында оңай пайда таппақ болған әккі алаяқтар анықталды.

 

Ирина Холодова, Петропавл қаласы ІІБ аға тергеушісі:

-Тиісті шаралар жүргізіліп, нәтижесінде екі күдікті азамат ұсталды. Олар жалған талон сатумен айналысқан. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Десе де алаяқтар іске өздерінің қатысты екендіктерін мойындаудан бас тартуда. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған пысықайлар талондардың жалған екенін білмедік деп жауапкершіліктен қашуда. Қазір тәртіп сақшылары істің ақ-қарасын анықтап жатыр.

 

Ирина Холодова, Петропавл қаласы ІІБ аға тергеушісі:

-Полиция қызметкерлері осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында талондарды бөтен біреулерден емес, тек арнайы орындардан алуға кеңес береді.

 

Осы сынды алаяқтардың қолынан жапа шеккен өзге солтүсткіқазақстандықтар болса, Шоқан Уәлиханов көшесі бойындағы қалалық ІІБ өтініш жазып қалдыруға, не 61- 29- 02 телефонына немесе 02 нөміріне хабарласу қажет.

 

 

Мағжан Ахмадина