Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларын Білім күнімен құттықтады

 

Асанәлі Тәуекел мектеп табалдырығын биыл алғаш аттап отыр. Оның сыныбында 26 бала бар. Ол міндетті түрде көп дос тауып, үлгілі оқушы болатындығына сенімді.

 

Асанәлі Тәуекел, Қазақ мектеп-гимназиясының 1 сынып оқушысы:

Мен бірінші сыныпқа бардым. Сабақты жақсы оқимын. Есептегенді, кітап оқығанды ұнатамын.

 

Біреу үшін мектептегі қызықты шақтар енді басталып жатса, Саят Ермектің оқу ордасындағы соңғы, әрі жауапты жылы. Ол болашақ түлек. Саят қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша талай олимпиадалардың жеңімпазы. Келекшекте журналист болуды армандайды. Қазіргі басты мақсаты ҰБТ жақсы тапсырып, қалаған оқуға түсу.

 

Саят Ермек, Қазақ мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушысы:

– Астана қаласындағы Евразия Ұлттық Университетіне түскім келеді. Қазіргі уақытта ҰБТ дайындалып жатырмыз.

 

«Баласы атқа мінсе, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші осындай маңызды күні ата-аналар да ерекше қобалжуда.

 

– Немерем бірінші сыныпқа барып жатыр. Қуаныштымыз. Жақсы азамат болады деген ойдамын.

– Қазір мектептерде жасалған жағдай жақсы. Сапалы білім алу үшін барлық мүмкіндік бар.

 

Ақ бантик тағып, қолдарына құшақ-құшақ гүл ұстаған оқушылардың бүгінгі қуанышында шек жоқ. 3 айғы демалыстан кейін олар алтын ұя мектептерімен қайта қауышып отыр. Жалпы Қазақ мектеп- гимназиясында биыл 940 оқушы білім алмақ.

 

Гүлжан Жақанова, Қазақ мектеп-гимназиясының директоры:

– Алдыңғы жылдан мектеп жаңа оқу жүйесіне көшті. Назарбаев интеkлектуалды мектебінің тәжірибесін енгіздік.

 

Салтанатты шара аяқталғасын балалар сыныптарына кіріп алғашқы ашық сабақтарын өткізді. Ал 11 сынып оқушыларының ашық сабағына облыс әкімі Самат Ескендіров куә болды. «Қазақстан – 2050»стартегиясы: «Бір халық- бір ел- бір тағдыр» интерактивті сабағына аймағымыздың 30-дан астам мектебі қатысты. Ең басты талқыланған тақырып Елбасы жолдауында айтқан міндеттер болды. Алдымен оқушылар Еліміздің қалыптасуы жайлы деректі фильмді тамашалады. Онлайн режимінде өткен сабақта Қызылжар ауданы Бескөл кентінің «Парасат» мектеп-лицейі де байланысқа шықты. Оқушылар сабақ жайлы өз пікірлерін білдіріп, Елімізде орын алған және келекшекте өтетін маңызды шараларға тоқталып кетті.

 

Айгүл Ақст, 11 сынып оқушысы

-Ашық сабаққа қатыса отыра және сіздің сөзіңізді тыңдай отыра. Мен өз еліме пайдалы болу және өз Отанымның тағдырына жауапты болу менің борышым және ар-намысым.

 

Бірлік Қайырлы, 11 сынып оқушысы:

-Мен Астанада «ЭКСПО- 2017» көрмесі өтетініне қуаныштымын. Ол «Болашақ энергиясы» атты ұранмен өтеді. Оған әлемнің ондаған елдері қатысады. Бұл еліміз жасаған үлкен қадам.

 

Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Сабақ аяқталған соң ертең ел сенімін ақтар қыз- жігіттерді аймақ басшысы білім күнімен құттықтады

 

Самат Ескендіров,СҚО әкімі:

-Осындай ашық сабаққа қатысқандарыңызға алғыс айтамын. Биыл 11 сынып оқушыларының алдында үлкен сын, ол ҰБТ өту міндеті тұр! Сәттілік тілеймін.Оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Биылғы жыл сіздер үшін табысты болады деген ойдамын.

 

Кейін өңір жетекшісі мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. Мұражайда қойылған экспонаттар бассейн және спорт залдарын аралап, 72 орынға шақталған мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмысымен танысты.

 

 

Мағжан Ахмадина